Геннадий Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Геннадий Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен оның қарсыласы АҚШ спортшысы Вилли Монро-кіші арасынағы жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

Бұл туралы телеарна басшылары хабарлады. Kazsport спорттық арнасының директоры қызметін атқарушы Павел Цыбулиннің айтуынша, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. "Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырмыз. Кейін спорттық арнадан екі рет қайталанатын болады", - деді ол.

Еске сала кетейік, Головкин кіші Монромен жекпе-жектен 30 күн бұрын салмақ өлшеу рәсімінен өткені хабарланған болатын. Головкин 76,7 келі салмақ көрсетті. WBC ережесі бойынша екі боксшы да 79,8 келіге дейін салмақ қоса алады. Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 17 мамыр күні таңғы сағат 08.00-де басталады.

Айта кетейік, осыған дейін букмекерлік кеңселер осы кездесуге болжам жасады. "Олимп" букмекер кеңсесінің хабарлауынша, осы кездесуде басты фаворит Геннадий Головкин болады. Қазақстандықтың жеңу коэффициенті 1,02-ге, Монро-кішінің жеңу коэффициенті - 20-ға тең. Ал кездесудің тең аяқталу коэффициенті - 40.

сурет: tn.kz