Геннадий Головкин қызды болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Геннадий Головкин қызды болды
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин қызды болды. Бұл туралы боксшының жақын досы, экс-депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады.

БӨЛІСУ

Қыркүйек айының басында Головкин L"Equipe басылымына берген сұхбатында әйелінің жүкті екенін айтқан болатын.

- АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз, - деген еді.

Генаның Вадим есімді 10 жасар ұлы бар. Осыған дейін әйелі мен ұлын өзі қатысатын бокс кешіне неге алып бармайтыны жайлы айтқан еді.