WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Флойд Мейвезер-кішімен жекпе-жек өткізу арманы екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Вoxingscene.com басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
"Соңғы бес жылда барлығы Мейвезер мен Пакьяо арасындағы жекпе-жекті көргісі келді. Флойд өте ақылды, бұл оның стилі. Пакьяо Флойдқа қарсы ештеңе істей алмады. Пакьяо өте мықты, бірақ бұл кездесуде Флойд өте ақылды болды", - деді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, USA Today sports Головкиннің Мейвезерді жеңе алатын жалғыз боксшы екенін айтты. "Бұл жігіт 32 жекпе-жегінің 29-ын нокаутпен жеңді. Оның ішінде қарсыластарын қатарынан 19 рет нокаутқа жіберді", - деп хабарлады басылым.