Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізеді
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин 2017 жылғы алғашқы жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізетін болды.

БӨЛІСУ

Генаның келесі жекпе-жегі туралы Манчестерде өткен баспасөз мәслихаатында британдық промоутер Эдди Хирн айтты. «Matchroom» промоутерлік компаниясының басшысы қазақстандық боксшының жекпе-жегі кезінде (андеркарт) Олимпиада чемпионы ирландиялық Кэти Тейлордың шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді.

- Тейлор Геннадий Головкиннің «Madison Square Garden» кешенінде өтетін жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады, - деп жазды Эдди Хирн «twitter» желісінде.

GGG «Madison Square Garden» кешенінде бесінші жекпе-жегін өткізбек. Алғаш рет 2013 жылдың 19 қаңтарында америкалық Габриэль Росадоны ұтқан еді. Кейіннен бұл кешенде Головкиннен Кертис Стивенс, Дэниэл Гил мен Давид Лемье жеңілді.

Қазақстандық боксшы 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін. Отандасымыздың промоутері Том Леффлердің айтуы бойынша, келесі қарсыласы жақын күндері белгілі болмақ. Ал GGG қазіргі таңда «Jordan» компаниясының іс-шаралары бойынша Парижде жүр.