Геннадий Головкин демалысқа шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Геннадий Головкин демалысқа шықты
Фото ©️ Twitter

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарын аяқтап, демалысқа шықты. Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

БӨЛІСУ

Боксшының жаттықтырушысы Абель Санчестің айтуы бойынша, GGG жыл соңына дейін тынығатын болады. Жаттығу жұмыстарына 2017 жылдың басында оралады.

- Гена жаттығу жиындарында спарринг өткізбесе де, нағыз бабында. Салмақ қосқан жоқ. Бабын жоғалтпау үшін барын салып жүр. Бірге жаттығатын жігіттерге қолдау көрсетіп келеді. Олар да Генаға қолдауын аяған емес, - деді жаттықтырушысы.

Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин 2017 жылғы алғашқы жекпе-жегін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» кешенінде өткізетіні белгілі болған еді.

Қазақстандық боксшы 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін. Қазіргі таңда тараптар арасында келіссөздер жүргізілуде.