World Boxing News сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие боксшылардың жаңарған рейтингін жариялады. Бірінші орынға отандасымыз Геннадий Головкин орналасқан.
Боксшылардың рейтингін түзгенде жеткен жетістіктері мен кәсіпқой бокстағы еңбек сіңірген жылдары есепке алынған.
- Андре Уорд спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Геннадий Головкин әлемдегі ең үздік боксшы екені талассыз. Ол 2018 жылы "Канелоға" қарсы өткізетін кезекті жекпе-жегіне дайындалады, - деген хабарламада.
WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие боксшылардың рейтингі (WBN рейтингі)
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) орта салмақ
2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) бірінші жартылай орта салмақ
3. Майки Гарсия (37-0, 30 КО) жеңіл салмақ
4. Кит Турман (28-0, 22 КО) жартылай орта салмақ
5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО) екінші жеңіл салмақ
6. Ваенхонг Менайотин (48-0, 17 КО) минималды салмақ
7. Деонтей Уайлдер (38-0, 37 КО) ауыр салмақ
8. Мигель Берчельт (32-1, 28 КО) екінші жартылай жеңіл салмақ
9. Адонис Стивенсон (29-1, 14 КО) жартылай ауыр салмақ
10. Гэри Расселл (28-1, 17 КО) жартылай жеңіл салмақ
11. Луис Нери (24-0, 18 КО) жеңілірек салмақ
12. Майрис Бриедис (23-0, 18 КО) бірінші ауыр салмақ
13. Джермелл Чарло (29-0, 14 КО) бірінші орта салмақ
14. Рей Варгас (30-0, 22 КО) екінші жеңілірек салмақ
15. Давид Бенавидес (19-0, 17 КО) екінші орта салмақ
16. Дайго Хига (13-0, 13 КО) аса жеңіл салмақ
17. Кен Широ (10-0, 5 КО) бірінші аса жеңіл салмақ
Айта кетейік, осыған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкинді "Жыл адамы" деп таныған еді.