Қазақ кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 17 маусым күні Астанада өткізеді. Бұл туралы "Қазақстан" арнасында өткен бүгінгі бокс кешінен кейін белгілі болды.
БӨЛІСУ
Қазіргі таңда бұл жекпе-жектің өтуіне келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Кездесу "EXPO-2017" көрмесі қарсаңында ұйымдастырылмақ. Бұл кеште отандасымыз британдық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы бек мүмкін.
Айта кетейік, жаңа ғана Нью-Йоркте аяқталған бокс кешінде Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсты төрешілер шешімімен айқын ұтып шықты.