Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды
Фото ©️ massaget.kz

Қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Нәтижесінде әлемнің үздік дзюдошысы атанып отыр. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

БӨЛІСУ

Галбадрах Отгонцэцэг үшін Абу-Дабиде өткен «Grand Slam» турнирі Қазақстан құрама сапындағы (2016 жыл) 10-ыншы халықаралық жарысы болды. Ол осыған дейін қатысқан барлық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, осы күнге дейін 10 жарыста – 5 алтын, 2 күмс, 3 қола медаль иеленген. Атап айтар болса, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін Халықаралық Гран При және 2 дүркін «Grand Slam» турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ, Ұлан-Батор мен Дюссельдорфта өткен «Grand Prix» турнирлерінде күміс медаль иеленсе, Баку мен Тиблисидегі халықаралық турнирлерде қолаға қол жеткізген болатын.

Әлемдік рейтингте екінші орынға Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, +78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ жайғасса, үздік үштікті 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кайла Харрисон қорытындылап тұр.