Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Будапештте басталған әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев жүлделі орыннан көріне алмады.
48 келіге дейінгі салмақта белдесетін Галбадрах Отгонцэцэг жартылай финалда жапон дзюдошысы Фуна Тонакиге жол беріп алды. Нәтижесінде қола медаль үшін таласта ресейлік Ирина Долгованы жеңді.
Бұл салмақта Фуна Тонаки жеңімпаз атанды. Күміс жүлде моңғол қызы Мухнбат Урантцэцэгке бұйырды.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін өткізген жұбаныш белдесулерінде жеңіске жете алмады.