Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Абу-Дабиде «Grand Slam» халықаралық турнирі өтеді. Бұл додаға Қазақстаннан 10 спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстандық дзюдошыларды Дашжамтс Энхбаатар, Донбай Базарбек, Ибрагим Вешагуров, Марат Файзиев, Талап Мұқанов сынды жаттықтырушылар бастап барады. 10 спортшының қатарында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг пен төртжылдықтың басты додасына қатысқан Дидар Хамза да бар.
Ерлер
Мағжан Шамшидин (60 кг)
Азамат Мұқанов (66 кг)
Асхат Тельманов (66 кг)
Дидар Хамза (73 кг)
Арман Махамбетов (81кг)
Әділет Миссин (81 кг)
Дәулетхан Жақыпов (90кг)
Айбек Серікбаев -100 кг)
Айтуар Абдулов (+100 кг)
Қыздар
Отгонцэцэг Габадрах (48 кг)
Айта кетейік, Абу-Дабидегі «Grand Slam» халықаралық турниріне дейін Ташкентте «Гран-При» халықаралық жарысы өтеді. 6-8 қазан аралығында өтетін бұл аламанға Қазақстаннан 23 дзюдошы барады.