"Галатасарайдың" бір қақпашысының құны "Астана" құрамынан қымбат болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Тransfermarkt.de сайтының мәліметінше, стамбулдық команда 123,25 миллион еуроға бағаланып отыр. "Галатасарай" құрамындағы ең қымбат ойыншы - уругвайлық Фернандо Муслера. Оның құны - 17 миллион еуро. Екінші орында голландиялық 31 жастағы футболшы Уэсли Снейдер тұр. Жартылай қорғаушының трансферлік құны 15 миллион еуроға тең. Ал тізімде үшінші болып түркиялық спортшы Бурак Йылмаз тұр. Егер бұл ойыншыны сатып алғыңыз келсе, 12 миллион еуро төлеуге тура келеді.
Ал қазақстандық клубтың құнына келсек, "Астана" клубы 14,5 миллион еуроға бағаланды. Бұл "Галатасарайдың" құнынан он еседей төмен. Елорда клубындағы ең қымбат ойыншылар Фокси Кетевоама және Неманья Максимович болып отыр. Олардың трансферлік құны екі миллион еуро шамасында. Қымбат ойыншылардың бестігіне Денис Дедечко (1,2 миллион еуро), Жуниор Кабананга (1 миллион еуро) және Рохер Каньяс (800 тысяч еуро) кіріп отыр.
Еске сала кетейік, "Астана" 30 қыркүйекте өз алаңында "Галатасарайды" қабылдайды.