Футзалдан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыс қожайыны Сербия құрамасымен қола жүлдеге таласқа түсіп, тарихи жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанып, Еуропа тарихындағы ең табысты дебютант команда болды.
Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы ойын тізгінін бірінші болып алды. Серік Жаманқұлов жақсы ойластырылған шабуылдың арқасында допты сербтер қақпасына жақсы бағыттады. Алайда, өкінішке орай, доп бағанаға тиіп кері қайтты. Уақытының көп бөлігі стантартты жағдайлармен орын алды. Қос қаманда да бір-бірінің осал тұстарын таба алмай, қарқынды ойын жүргізді. Сербтер ойын барысында біраз дөрекілік іс-әрекет көрсетіп, жай ауысша ескертулермен шектелді. Ойынның аяқталуына 17 секунд қалғанда Дуглас допты қақпаға тура бағыттап, команданы 1:0 есебімен алға шығарды.
Екінші кезеңде Еуропа чемпионатынының "Алтын бутсиынан" басты үміткері Серік Жаманқұлов ойынның алғашқы минутында өзінің алтыншы голын соқты. Қазақтан құрамасы екінші таймда барлық көрсеткіш бойынша басым түсті. Қазақ футболшылары көптеген керемет айла-тәсілдер ұйымдастырып, шабуылдарының бірінде Дуглас командаға тағы бір гол әкелді. Ал Игита болса, сербтердің бос қалған қақпасына допты алыстан лақтырып есепті 4:0 есебіне жеткізді. Сербия командасының белсенділігі ойын сайын саябырсып, ойындары жүрмеді. Алайда матчтың үшінші минутында сербтер бір гол салды. Ал ойынның соңғы минутында серб футболшылары күштерін бір уысқа жиып, қоржындарын тағы бір голға толықтырды. Есеп 5:2.