Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға жетті
Фото ©️ futsalkazakhstan

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысу үшін Өзбекстанға барды. Отандастарымызды көршілес ел айрықша қошеметпен қарсы алды, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы "D" тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 2000, 2016, 2021 жылдары ойнады. 2021 жылы 4-орыннан көрінген.

Қазақстандық футзалшылар жарыс алдында Тәжікстанмен екі рет жолдастық ойын өткізіп, 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін Иран құрамасын алдымен 3:0 есебімен басым түсіп, екінші кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты. 

Соңғы ойынын Алматыда Аргентинаға қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Спорт әлеміндегі соңғы жаңалықтарды msports.kz сайтының телеграм арнасынан оқи отырыңыздар.