Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанға қарсы бақылау ойынын өткізді. Кездесу "Тараз Арена" спорт кешенінде жабық режимде өтті.
Ойын қазақстандықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиуллин пен Батырхан Кенжеғали гол соқты. Қонақтар сапынан Кайрат Кубанычев дубль авторы атанды.
7 және 9 сәуір күндері Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар "Тараз Арена" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.
Қазақстан – Қырғызстан – 3:2 (1:1)
Голдар: Есенаманов 11, Валиуллин 39, Кенжеғали 40 – Кубанычев 2, 23
Ескерту: Аманбаев 6
Қазақстан: Серіков (қ), Есенаманов (к), Кнауб, Валиуллин, Абдуманапұлы, Рашит, Нулет, Көлбаев, Бахтияров, Досов, Жұма, Қайырбай, Төреғазин, Кенжеғали;
Бас бапкер: Рикардо Кака.
Қырғызстан: Акматалиев (қ), Данияр уулу, Турсунов, Кубанычев, Аскарбеков, Таалайбеков, Махмадинов, Аманбаев, Боскунчиев, Джанат уулу, Медетбеков, Алимов, Чоробек уулу;
Бас бапкер: Луис Бернат.
Төрешілер: Айдын Көбейқұлов, Александр Стрелков, Азимджан Кошалиев (бәрі – Тараз)