Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті
Фото ©️ afrk.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранда өтіп жатқан халықаралық "Төрт ұлт турниріндегі" соңғы ойында Әзірбайжан құрамасымен тең түсті. Ойында 3:3 есебі тіркеліп, командалар бір-бір ұпайдан бөлісті.

БӨЛІСУ

Ойын басында Әзірбайжан құрамасы 5 минут ішінде екі гол соғып, алға шықты. Қазақстан құрамасы екінші таймда барып қана гол соқты. 25 минутта Таку есепті қысқартса, 32 минутта Лео қарсыластардың қателігін оңтайлы пайдаланып, таразы басын теңестірді. Ал 36 минутта Таку дубль орындап, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда соңғы минутта Әзірбайжан құрамасы сапынан Ванела есепті теңестіріп кетті.

Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы "Төрт ұлт турнирінде" осыған дейін Ресеймен тең ойнап, Иран құрамасына соңғы минутта есе жіберіп алған еді. 

Айта кетейік, Әзірбайжан құрамасын осыған дейін Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болған бразилиялық маман Алесио жаттықтырады. "Қайратта" Какаудың бас көмекшісі де болған еді.

Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін Еуропа чемпионаты алдындағы дайындық кезеңінің бірі болды.

Еске салайық, Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Словения елінде өтеді. Топта отандастарымыз Ресей және Польша құрамаларымен ойнайды.

Әзірбайжан - Қазақстан 3:3 (2:0)

Гол соққандар: Вассура 9 (1:0), Вассура 11 (2:0), Таку 25 (2:1), Лео 32 (2:2), Таку 36 (2:3), Ванела 39 (3:3)

Әзірбайжан: Хусейнли, Курдов – Винела, Эду, Фарзалиев (к), Габриэль, Хамзаев Атаев, Сұлтанов, Човдаров, Вассура, Болинья, Маммадов

Қазақстан: Игита, Шамро – Лео, Есенаманов, Дуглас, Тұрсағұлов, Кнауб, Төреғазин, Жаманқұлов, Сулейменов (к), Першин, Таку, Ақбалықов, Оразов

Төрешілер: Пурафшар, Закери (екеуі де – Иран)

6 желтоқсан. Исфахан (Иран). "Нагш-е- Жахан".