Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте екі саты жоғарылады. Нәтижесінде отандастарымыз 1260 ұпаймен әлемнің үздік 20 құрамасының қатарына енді.
Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сәтті өнер көрсетті. Бірінші ойында Румынияға 4:6 есебімен ұтылғанмен, кейіннен әйгілі Португалия құрамасынан басым түсті. Грузияны 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, қосымша жолдамаға таласуға мүмкіндік алды. Отандастарымыздың қарсыласы алдағы уақытта анықталатын болады. Жолдама сарапқа салынатын ойындар 15-22 қыркүйек аралығында өтеді.
Футзалдан құрамалар арасындағы әлемдік рейтингті 1922 ұпаймен Испания құрамасы бастап тұр. Бразилия құрамасы екінші орында болса, ресейліктер үшінші орынды сақтап қалған.
Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қосымша жолдамаға Әзірбайжан (13), Румыния (16), Беларусь (22), Словакия (23) Босния және Герцеговина (30) және Венгрия (31) құрамаларының бірімен таласатын болады.
1 (1). Испания — 1922 ұпай
2 (2). Бразилия — 1910
3 (3). Ресей — 1746
4 (4). Италия — 1721
5 (5). Аргентина — 1679
6 (7). Иран — 1611
7 (6). Португалия — 1596
8 (8). Украина — 1494
9 (10). Колумбия — 1415
10 (9). Чехия — 1412
Жақша ішіндегі алдыңғы рейтинг нәтижесі
Сурет: prosportkz.kz
Оқи отырыңыз
Қазақстан футзал құрамасының рейтингтік көрсеткіші жоғарылады
Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған
Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)