Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 3 саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 3 саты жоғарылады
Фото ©️ kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) Өзбекстандағы әлем чемпионатынан кейін рейтингін жаңартты, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 3 саты жоғарылап, 5-орынға көтерілді. Ұлттық құрама әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, Аргентинаға жол берген еді. 

Рейтинг көшін әлем чемпионы атанған Бразилия бастап тұр. Португалия екінші орнын сақтап қалған. Үздік үштікті Аргентина түйіндеген.