Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Фото ©️ kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл екінші тур ойындарынан кейін белгілі болды, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Жарыс ережесі бойынша топтағы үздік екі команда плей-оффқа тікелей жолдама алады. Сондай-ақ тағы 4 құрама нәтижесіне қарай үшінші орын алған командалар арасынан іріктеледі. 

Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы екінші турда Ливияны 4:1 есебімен ұтып, топта 2-орында тұр. Бірінші турда Испаниямен тең ойнаған. 4 ұпайы бар отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойында қандай есеп тіркелсе де, 1/8 финалға айқын шығып тұр. Үшінші орыннан төмен сырғымайды. Себебі қазір үшінші орында тұрған үш командада ғана ұпай бар. Ал төртінші құрама 4 ұпай жинап үлгермейді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FIFA World Cup (@fifaworldcup)

Ливия - 3 ұпай
Украина - 3 ұпай
Өзбекстан - 1 ұпай
Хорватия, Тәжікстан, Гватемала - 0 ұпай

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national futsal team (@kff_team_futsal)

1/8 финалға Қазақстаннан бөлек, Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Марокко, Парагвай, Португалия, Тайланд және Франция құрамалары шығып үлгерді.

Топтағы үшінші ойынды Қазақстан құрамасы 21 қыркүйек күні Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өткізеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!