Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Ливияны ұтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Ливияны ұтты
Фото ©️ kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ливияны 4:1 есебімен ұтты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Топтағы екінші ойында отандастарымыз алғашқы минуттардан-ақ айқын басымдық байқатты. Бірінші болып Ақжол Дәрібайдың голынан кейін доп қарсылас команда ойыншысына тиіп, қақпа торында тулады. Артынша Ливия құрамасы да есепті теңестіре білді. 

Бірінші тайм аяқталғанша Қазақстан тағы екі гол соғып үлгере білді. Біржан Оразов пен Жахангер Рашит мергендігімен көзге түсті. 

Екінші таймда Альберт Ақбалықов бір гол соғып, ойын нәтижесін түйіндеді. Осылайша, отандастарымыз 4 ұпаймен "D" тобында көш басына шықты.

Ойындағы голдарды төмендегі телеграм арнамыздан көре аласыздар 

Бүгін кеште бұл топтағы Испания мен Жаңа Зеландия арасындағы ойын өтеді.