Футзалдан Франция құрамасы “өтірік ойнағаны үшін“ сынға ұшырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футзалдан Франция құрамасы “өтірік ойнағаны үшін“ сынға ұшырады
Фото ©️ AFC

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионаты даулы ойынмен жалғасты. F тобындағы көшбасшылыққа талас ойын жанкүйерлер көңілінен шықпады, – деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Топтағы бірінші орынға Франция мен Иран құрамалары таласты. Алайда француздар матчта белсенділік танытпады. Голдардың барлығында қақпашы барын сала ұмтылмады. Тіпті бір голда қайтаруға қимыл да жасамады.

Мұның себебі де бар. Бұл топта бірінші орын алған құрама 1/8 финалда Мароккомен кездеседі. Ал одан өтсе Бразилия – Коста-Рика арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Франция бұл жолды таңдамай, оңай қарсыластармен ойнау үшін Иранға қарсы күш салмады. Себебі Марокконы өтсе, басты фаворит Бразилия күтіп тұр.

Нәтижесінде, француздар ұтылып, Тайландқа қарсылас болды. Оны ұтса Парагвай – Ауғанстан құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. 

Франция – Иран ойынын жанкүйерлер мен спорт мамандары "нағыз ұят іс болды" деп жазуда. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита да бар. Сондай-ақ құрамаға енбей қалған Тайнан да сынға алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Португалиямен ойнайды. Матч 26 қыркүйек күні Әндіжанда өтеді.