Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандастарымыз ширек финалда Аргентина құрамасынан 1:6 есебімен ұтылды.
Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Дәурен Тұрсағұлов соқты. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Футзалдан Қазақстан командасының бас жаттықтырушы Пауло Рикардо Кака бүгін құрама сәтсіз ойын көрсеткенін мойындады және бар кінәні өз мойнына алатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалға жолдама беретін матчта қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қазақстан осы жарыстың топтық кезеңінде Испания, Ливия, Жаңа Зеландия құрамаларын кездесті.
Енді Аргентина құрамасы жартылай финалда Франциямен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!