Жасыл алаңның өз заңдары болғанымен, қос команданың ойыншылары бір-бірінен жеңісті жұлып алу үшін түрлі амалға барып жатады. Сондай оқиғалардың қызықтыларын назарларыңызға ұсынбақпыз.
Доп аутқа шығып қалған жағдайда, командаңның ойыншылары көмекке келмесе, қарсыласыңа допты тигізу арқылы ары қарай шабуылды өзіңнің аяқтауыңа мүмкіндігің бар. Мұндай әрекетті үлкен стадиондағы футболшылар да пайдаланып жатады.
Бұрыштама добы қорғанушы команда үшін қатты қиындық туғызатыны белгілі. Ал осы допты көбіне футболшылар қақпаның жанына жиналған достарына қарай асырып жатады. Ал біздің мына бейнеролигімізге ілінген жігіттер мұндай соққының ерекше түрін ойлап тапқан екен.
Он бір метрлік пенальти қақпашы мен орындаушының арасындағы теке-тірестен тұрады. Әрине бұл мезгілде қақпашыға қарағанда, пенальти орындайтын адамның мүмкіндігі көп. Алайда көп жағдайда спортшылар білікті қақпашылардан айласын асыра алмай жатады. Естеріңізге сала кетейік, пенальтидің мынандай да түрі бар. Оны қасындағы жолдасына беру арқылы да орындауға болады екен.
Әлем чемпионатында футболға жаңадан қосылған көпірік айып соққыларының дәл қай жерде болатынын белгілеу үшін шығарылған. Төрешілердің жұмысын жеңілдеткенімен, футболшылардың сәл де болса қақпаны дәлдеуіне қиындық туғызады екен. Бұған дәлел «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы Давид Луистің көпірікті жинап алып, басқа жерге ауыстырғаны бейнекамераға түсіп қалған екен.
Сурет:fishki.net
Ұқсас жазбалар:
Ағылшын премьер-лигасында жейдесі ең көп сатылатын футболшылар анықталды