Футболдан ҚР кубогының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан ҚР кубогының жеребесі тартылды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан ҚР кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды. Шараға Қазақстан ұлтттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов қатысып, жартылай финалда бір-бірімен кездесетін командалар анықталды.

БӨЛІСУ

Жеребе қорытындысы бойынша "Қайрат" "Ертіспен", "Шахтер" "Атыраумен" кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан кубогының жартылай кезеңі екі кездесуден тұрады. Алғашқы матч 14 маусым күні бірінші көрсетліген командалардың алаңында өтеді. Қарымта ойын 27 маусымға белгіленген.  "Шахтер" - "Атырау" жұбының жеңімпазы шешуші ойынның шартты алаң иесі атанады.