Футболдан ҚР кубогы жартылай финалындағы алғашқы ойындар өтті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан ҚР кубогы жартылай финалындағы алғашқы ойындар өтті
Фото ©️ Қайрат ФК

Футболдан ел кубогының жартылай финалындағы алғашқы ойындар аяқталды. Қарағандының "Шахтер" командасы өз алаңында "Атырауды" ұтса, Шымкентте "Ордабасы" мен "Қайрат" тең тарқасты.

БӨЛІСУ

Теміртауда өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. Ойында кеншілерге жеңіс сыйлаған голды 25 минутта шабуылшы Дәуренбек Тәжімбетов соқты.

ҚР кубогының жартылай финалындағы екінші кездесуде "Ордабасы" мен "Қайрат" командалары кездесті. Шымкентте өткен ойында 0:0 есебі тіркелді.

Бірінші таймда алаң иелерінің есепті ашуға зор мүмкіндіктері болған. Жартылай қорғаушы Кирилл Ковальчуктың тепкен добы қақпа бағанынан қайтты. Ал екінші таймда Александр Гейнрих "Қайрат" қақпашысы Стас Покатиловтан айласын асыра алмады.

55 минутта "Қайрат" шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек гол соққан. Бірақ төреші оффсайд екенін аңғарып, голды есепке алмады. 74 минутта алматылық команда 10 ойыншымен қалды. Қорғаушы Елдос Ахметов алаңнан қуылды. "Ордабасы" ойыншылары одан кейінгі аралықтағы ойыншы басымдығын пайдалана алмады.

Ел кубогының жартылай финалындағы қарымта ойындар 21 маусым күні өтеді.