Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аяқталды. Соңғы турда "Атырауды" ұтқан "Қайрат" чемпиондық атақты иеленді, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
"Атырауға" қарсы ойында "Қайратқа" жеңіс сыйлаған голды 59-минутта Георги Зариа пенальтиден соқты. Сондай-ақ алаң иелері сапынан Никита Степанов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Алматылық ұжым өз тарихында 4-ші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін 1992, 2004 және 2020 жылы топ жарған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Астана" күміс жүлдегер атанса, "Ақтөбе" үздік үштікті түйіндеді.
Биылғы маусым қорытындысы бойынша Қарағандының "Шахтер" командасы Бірінші лигаға түсіп қалды. Келер маусымда "Оқжетпес" пен "Ұлытау" ҚПЛ-де ойнайды.