Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия (10 қазан) мен Словенияға (13 қазан) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. 

БӨЛІСУ

Тізімге 36 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – "Астана"), Михаил Габышев ("Елім-ай"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау");

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Арман Кеңесов ("Ақтөбе"), Аслан Дарабаев ("Елім-ай"), Бақтияр Зайнутдинов ("Бесіктас", Турция), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – "Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Андрей Ульшин ("Қайрат");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Жан-Әли Пайруз ("Елім-ай"), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – "Астана"), Артур Шушеначев ("Сочи", Ресей);

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. 

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының "Райффайзен Арена" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.