Футболдан Қазақстан құрамасын Станимир Стойлов жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан Қазақстан құрамасын Станимир Стойлов жаттықтырады
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып Станимир Стойлов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының өкілдері бүгін Астана қаласында өткен баспасөз жиыны кезінде жариялап таныстырды.

БӨЛІСУ

Болгар маманы осыған дейін "Астана" футбол клубын жаттықтырып келген еді. 8 қаңтар күні елордалық командамен жаңа келісімшарт жасағаны туралы ресми хабарлаған. Бүгін белгілі болғандай, Станимир Стойлов командамен жұмысын жалғастырмайды. Бұл қызметтің тізгінін Григорий Бабаян ұстады. Ол "PRO" жаттықтырушы санатына ие, ұзақ уақыт бойы Қазақстан құрамасында, "Астана", "Цесна" және "Алма-Ата" футбол клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Мирослав Беранек, Бернд Шторк, Антониус Йора, Иоан Андоне, Юрий Красножан, Олег Протасов және Станимир Стоилов сынды жаттықтырушылармен бірге жұмыс істеген. 2014 жылы қазақстандық маман елордалық команданы маусымға дайындап, сол жылдың жазына дейін бас жаттықтырушының міндетін атқарды.

50 жастағы болгар маманы Станимир Стойлов болса "Астана" футбол клубын 2014 жылдан бері жаттықтырып келді. Командамен алғашқы маусымда-ақ ел чемпионы атанды. Одан бергі аралықта ел футболы тарихында айтулы жетістіктерді бағындырды. Сондай-ақ осы маусымда тұңғыш қазақстандық команда болып Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жетті.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожиннің айтуынша, Станимир Стойловпен келісімшарт екі жылға жасалған. Жаттықтырушының алдына Ұлттар лигасында топтан шығу деген тапсырма қойылған.

Cтанимир Стойлов жаттықтыратын ұлттық құрама 23 наурыз күні Венгрия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Араға үш күн сала Болгариямен кездеседі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасын ресейлік маман Александр Бородюк жаттықтырған болатын.