Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 26 наурыз күні Болгариямен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Венгрияның Фельчут қаласындағы "Панчо Арена" стадионында өтеді, - деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
Болгария - ФИФА рейтингінде 42-орында тұрған құрама. Команданы белгілі болгариялық маман Петар Хубчев жаттықтырады. Қарсыластың құрамында Ивелин Попов ("Спартак", Мәскеу, Ресей), Георгий Миланов (ЦСКА, Мәскеу, Ресей) Николай Бодуров (ЦСКА, София), Александр Тонев ("Кротоне", Италия) сынды тәжірибелі ойыншылар барын айта кетуге болады.
Қос құрама 2013 жылы Алматыда жолдастық кездесу өткізген болатын. Сол ойында Болгария 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапында бір голды Дмитрий Шомко соққан еді.
Еске сала кетейік, 23 наурызда Қазақстан құрамасы Будапештте Венгрия құрамасымен де жолдастық кездесу өткізеді.