Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футболдан Қазақстан чемпионатының тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясынның таралуының алдын алу үшін Мемлекеттік Комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.
Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейуі мүмкін.
Осыған орай футболдан Қазақстан чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, үзіліс созылуы мүмкін.
Үш айлық үзілістен соң Қазақстан Премьер-лигасы шілде айында қайта жанданған болатын. Ел біріншілігінің 3 тур ойындары өтіп үлгерді.