Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде ел кубогының жеребесі тартылып, 1/8 финалда бір-біріне қарсылас атанған клубтар белгілі болды.
Өткен маусымда ҚР кубогын жеңіп алған Алматының «Қайрат» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубымен ойнаса, ел чемпионы атанған «Астана» да бұл кезеңдегі ойынын өз алаңында өткізеді. Елордалық ұжымның қарсыласы – Ақтаудың «Каспий» клубы.
1/8 финалдағы жеребе нәтижесі:
«Оқжетпес» - «Тараз»
«Қайрат» - «Шахтер»
«Атырау» - «Алтай»
«Ақжайық» - «Ертіс»
«Тобыл» - «Қызыл-Жар СК»
«Астана» - «Каспий»
«Ордабасы» - «Қайсар»
«Ақтөбе» - «Жетісу»
1/8 финалдағы ойындар 27 сәуір күні өтеді. Ширек финалға шыққан клубтар бір ойын қорытындысы бойынша анықталады.