Футболдан ҚР кубогының 1/8 финалында кездесетін клубтар анықталды. Бүгін өткен жеребе қорытындысы бойынша клубтар келесі кезеңге өту үшін 29-сәуір күні жарыс жолына шығатын болады.
Өткен жылы ел кубогын жеңіп алған Алматының «Қайраты» Павлодардың «Ертісімен» кездесетін болды. Ал осыған дейінгі іріктеу кезеңдеріне премьер-лига клубтары қатыспаған болатын. 1/8 финалға бірінші лигадан «Ақжайық» (Орал), «ЦСКА» (Алматы), «Спартак» (Семей) және «Екібастұз» (Екібастұз) клубтары шықты.
Жеребе қорытындысы төмендегідей:
«Тобыл» (Қостанай) - «ЦСКА» (Алматы)
«Қайсар» (Қызылорда) - «Спартак» (Семей)
«Ақжайық» (Орал) - «Ақтөбе» (Ақтөбе)
«Ордабасы» (Шымкент) - «Тараз» (Тараз)
«Екібастұз» (Екібастұз) - «Астана» (Астана)
«Шахтер» (Қарағанды) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Атырау» (Атырау) - «Жетісу» (Талдықорған)
«Қайрат» (Алматы) - «Ертіс» (Павлодар)
Ширек финалға шыққан командалар бір ойын қорытындысы бойынша ғана анықталады.
Сурет: fckairat.kz