Бүгін футболдан Армения құрамасы Словения (4 маусым) және Қазақстан (7 маусым) құрамаларына қарсы жолдастық кездесулер алдында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Sportball24.
Жаттығуға келесі ойыншылар қосылды: Огнен Чанчаревич - «Ноа», Арсен Бегларян - «Арарат-Армения,» Станислав Бучнев - «Пюник», Степа Мкртчян - «Осиек» (Хорватия), Камо Оганесян - «Арарат-Армения», Георгий Арутюнян - «Краснодар» (Ресей), Андраник Акопян - «Валенсия М-19» (Испания), Давид Давидян - «Пюник», Эрик Симонян - «Урарту», Сергей Мурадян - «Ноа», Эдгар Григорян - «Арарат-Армения», Ваан Бичахчян - «Погонь» (Польша), Артак Дашян - «Пюник», Оганес Арутюнян - «Пюник», Соломон Удо - «Пюник», Геворг Тарахчян - «Урарту», Жирайр Шагоян - «Арарат-Армения», Артур Серобян - «Арарат-Армения», Гор Манвелян - «Ноа», Артур Миранян - «Ноа».
Бүгін кешке Эдуард Сперцян, Эдгар Севикян және Наир Тикнизян командаға қосылады. Команда капитаны Вараздат Хароян Арменияға ертең, 28 мамырда келеді. Тигран Аванесян 3 маусымда ғана келеді, себебі ол 2 маусымда Ресей кубогының суперфиналында «Балтика» - «Зенит» матчында ойнайды.
3 маусымда Армения құрамасы Люблянаға ұшады, онда 4 маусымда Словения мен Армения, 7 маусымда Ереванда Армения мен Қазақстан құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!