Футболдан Англия құрамасына бас жаттықтырушы тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан Англия құрамасына бас жаттықтырушы тағайындалды
Фото ©️ championat.com

Футболдан Англия ұлттық құрамасын неміс маманы Томас Тухель жаттықтыратын болды. Бұл туралы құраманың Х желісіндегі (twitter) ресми парақшасы хабарлады. 

БӨЛІСУ

Томас Тухель жаңа қызметіне 2025 жылдың қаңтар айынан бастап кіріседі. Бұған дейін ол "Бавария", "Челси", ПСЖ және "Боруссия Д" клубтарын жаттықтырған. 

Еуропа чемпионатынан кейін Англия құрамасын жаттықтырған Гарет Саутгейт қызметінен кеткен болатын. Одан бергі аралықта құраманы Ли Карсли уақытша жаттықтырып келді.