Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2017 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Англия жастар құрамасынан жеңілді. Ақтөбеде өткен ойында қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Англия жастар құрамасы жылдам есеп ашты. 6 минутта «Лестер» клубының талантты ойыншысы Демарай Грей командасын алға шығарды. Одан кейінгі аралықта есепке өзгеріс енбеді.
Қонақтардың бірнеше қауіпті шабуылын қақпашы Cтанислав Павлов қайтара білді. Сондай-ақ, 60 минутта ағылшын жастары ұйымдастырған шабуылдардың бірі қауіпті шығып, доп қақпа бағанынан қайтты.
Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 11 қазан Норвегияға қарсы өткізеді.
Қазақстан (U-21) — Англия (U-21) 0:1 (0:1)
Гол: Грей 6 (0:1)
Ескертулер: Сартаков 30, Сүлей 38, Вороговский 44, Жалмұқан 74 — Холдинг 4
Қазақстан (U-21): Павлов, Аслан, Рудосельский, Сартаков, Сапаров, Тулиев, Федин (Айымбетов 74), Сүлей (Жалмұқан 46), Тұңғышбаев, Шайхов, Вороговский (Қалмұратов 85)
Англия U-21: Вудмен, Холгейт, Гэллоуэй, Чалоба, Чемберс, Холдинг, Бейкер, Уорд-Проус, Грей (Абрахам 85), Лофтус-Чик (Уотмор 73), Редмонд
Бас төреші: Сергей Лапочкин (Ресей)
6 оқазан. Ақтөбе. Қобыланды батыр атындағы орталық стадион.