Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жеребесінің қорытындысы

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жеребесінің қорытындысы
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тартылды. Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан құрамасы "Е" тобына түсті. 

БӨЛІСУ

Жеребе қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар тоғыз топқа бөлінді. Оның жетеуі алты елден, қалған екеуі бес елден тұрады. Қазақстан ұлттық құрамасы "Е" тобында Румыния, Дания, Польша, Армения және Черногория құрамаларымен әлем чемпионаты жолдамасына таласатын болады.

Жеребе қорытындысы:

"А" тобы - Люксембург, Беларусь, Болгария,  Швеция, Франция, Нидерланд; 

"В" тобы - Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Венгрия, Швейцария, Португалия;

"С" тобы - Сан-Марино, Әзірбайжан, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Чехия, Германия;

"D" тобы - Грузия, Молдова, Ирландия, Сербия, Австрия, Уэльс;

"Е" тобы - Қазақстан, Армения, Черногория,  Польша, Дания, Румыния;

"F" тобы - Мальта, Литва, Словения, Шотландия, Словакия, Англия;

"G" тобы - Лихтштейн, Македония,  Израиль, Албания, Италия, Испания;

"Н" тобы -   Кипр, Эстония, Грекия, Босния және Герцеговина, Бельгия;

"І" тобы - Финляндия, Түркия, Украина, Исландия, Хорватия;

Әр топтың көшбасшысы әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орыннан көрінген құрамалар қосымша жолдамаға талас жүргізеді.