5-7 желтоқсан аралығында Францияның Орлеан қаласында семсерлесуден Гран-при өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еліміздің атынан халықаралық турнирге төмендегі спортшылар қатысады:
Анастасия Гулик, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Диляра Исабекова, Жасмин Қапыджы, Полина Ко, Алина Оспанова, Татьяна Приходько, Наргиз Сайдуллаева, Артем Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы, Бексұлтан Әбжал, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиұлы, Мұхамедәлі Рахманәлі, Нұрмұхаммед Жайлыбай.
Еске салайық, бұған дейін Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.
Жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырды. Алайда жартылай финалда Жапонияға қарсы 28:45 есебімен есе жіберді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!