Бокстан Чианг Мэйде (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Финалға шыққан боксшыларымыздың бәрі чемпион атанды, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Соңғы болып +81 келі салмақта рингке көтерілген Елдана Тәліпова өзбек қызы Олтыной Сотымбоеваны жеңіп шықты. Осылайша, финалға шыққан бес боксшымыз да алтыннан алқа тағынды.
📊 Отандастарымыз 🥇5 алтын 🥉5 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
1. Қазақстан – 🥇5 алтын 🥉5 қола
2. Өзбекстан – 🥇3 алтын 🥈4 күміс 🥉2 қола
3. Тайланд – 🥇3 алтын 🥈1 күміс 🥉2 қола
4. Қытай – 🥇1 алтын 🥈2 күміс 🥉1 қола
........
🏆 Алтын алған 5 боксшымыз да өз мансаптарында алғаш рет чемпион атанды. Еліміздің әйелдер құрамасы өз тарихындағы екінші үздік нәтижесін (2021 жылы 8 алтын алған) көрсетті.
Айта кетейік, бүгін Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова және Гүлсая Ержан чемпион болды. Оған дейін 5 боксшымыз қола жүлдегер болған.
🥇60 келі. Виктория Графеева
🥇63 келі. Аида Әбікеева
🥇70 келі. Наталья Богданова
🥇81 келі. Гүлсая Ержан
🥇+81 келі. Елдана Талипова
🥉48 келі. Әйгерім Сәттібаева
🥉52 келі. Жазира Орақбаева
🥉57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
🥉66 келі. Милана Сафронова
🥉75 келі. Диана Мағауияева
Қазақстанның әйелдер құрамасы өз тарихындағы алтын жүлде санын 22-ге жеткізді 👏🏻