Фигу ФИФА басшысы болғысы келеді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Фигу ФИФА басшысы болғысы келеді

Әлем танитын мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» сапында өнер көрсеткен Луиш Фигу Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) президенті сайлауына қатыспақ. Бұл туралы футболшы CNN арнасына берген сұқбатында хабарлады.

БӨЛІСУ

- Әрине, Йозеф Блаттер мен өзге де сайлауға қатысушылар фаворит екені рас. Бірақ, мен үшін де керемет мүмкіндік болып тұр, - деген Луиш Фигу.

42 жастағы португалдық футболшы ФИФА президенті болып сайланар болса, одақтың атақ-абыройын жақсы жағына қарай өзгертерін де мәлімдепті.

- Егер ғаламтордан ФИФА туралы қандай да бір мәлімет іздесең, дау-дамай мен өсектің ортасынан бір-ақ шығасың. Алға сүйрер ешқандай жолы жоқ секілді көрінеді. Мен мұндай қателіктерге мүмкіндік бермес едім, - депті.

ФИФА президентінің сайлауы 2015 жылдың 29-шы мамырында өтеді. Бұл орынға Луиш Фигудан өзге қазіргі басшы Йозеф Блаттер, бұрынғы бас хатшы Жером Шампань, Нидерланды футбол одағының басшысы Михаэль ван Прааг, Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн және Франция құрамасының экс-ойыншысы Давид Жинол таласқалы отыр. Үміткерлерді қабылдау мерзімі 29-қаңтарда аяқталмақ.  

Сурет:metronews.ru 

Оқи отырыңыз

ФИФА басшысы қандай маман болуды армандаған?

Футбол тарихы: Куджудан ФИФА-ға дейін

Америкалықтар ФИФА-ға футбол ережесіне өзгерістер енгізу туралы арыз берді