ФИФА президенттігіне үміткер Луиш Фигу, сайлау алдында жаңа жоспарларымен бөлісті. Португалдық спортшының айтуынша: «Әлем чемпионатындағы командалардың санын 32 емес 40, болмаса 48-ге дейін жеткізу керек. Сол кезде турнир де қызықтырақ өтеді. Жаңа командалардың чемпионатқа қосылуымен, ойын тағы да төрт күнге созылатын болады» деп мәлімдеді.
Бұдан бөлек Фигу ФИФА федерациясына түскен қаржыны да әлемнің көптеген аумағындағы футболды дамытуға жұмсауда жоспарында бар екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 29-ы күні Цюрихте ФИФА-ның жаңа басшысына үміткерлер дауысқа түседі. Аталған орынға ФИФА-ның қазіргі басшысы Йозеф Блаттер, Иордания ханзадасы Иордани Әли бин Әл-Хусейн, Голландия футболының басшысы Михаэль Ван Прага және Луиш Фигу қатысатын болады.
Сурет: expressandstar.com
Оқи отырыңыз:
Қазақстан футбол федерациясының президенті ФИФА басшысымен кездесті