ФИФА рейтингінде ұлттық құрама көрсеткіші құлдырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
ФИФА рейтингінде ұлттық құрама көрсеткіші құлдырады

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы бес саты төмендеп, 132-ші орынға табан тіреді.

БӨЛІСУ

Қыркүйек айындағы рейтингте отандастарымыз 127-ші орында болатын. Одан кейін 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі кездесу өткізді. Амстердамда Нидерланды құрамасына табандылықпен қарсыласа білген жерлестеріміз ойын соңында есе жіберіп алса, Астанадағы Чехия құрамасына қарсы өткен ойында да жаман өнер көрсеткен жоқ. Бірақ, екі кездесудегі жеңіліс Қазақстан құрамасын рейтингте құлдыратты.

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде көп өзгерістер орын алған жоқ. Германия ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы екінші орыннан көрінді. Төртінші орында тұрған 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі отандастарымыздың қарсыласы Нидерланды құрамасы бір саты төмендеп, Бельгияға өз орнын босатты. Франция екі саты жоғарыласа, Португалия да екі орын алға жылжып, мықтылар қатарына қосылды. Алғашқы ондықты Испания құрамасы қорытындылап тұр.

Жаңа рейтингтегі ең төменгі нәтижені Әзірбайжан ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 31 саты төмендеп, 126-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Того құрамасы еншіледі. Олар бірден 73 саты жоғарылап, 52-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Солтүстік Ирландия, Триндидад және Тобаго мен Египет ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы келесі кездесуін 17 желтоқсан күні түзде Түркияға қарсы өткізеді. Ал Юрий Красножан жаттықтыратын жерлестеріміздің топтық кезеңдегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

5. (4) Нидерланды

22. (28) Чехия

28. (34) Исландия

46. (38) Түркия

99. Латвия

Жақша ішіндегі өткен айдағы рейтинг көрсеткіштері

Сурет: marca.com