Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) жаңа президентін сайлау 16 желтоқсанда өтуі мүмкін. Кезектен тыс өтетін сайлау ұйымның Цюрихтегі штаб-пәтерінде ұйымдастырылады деп күтілуде.
ФИФА төңірегіндегі дау-дамай соңғы уақытта өршіп тұр. Жақында ғана қайта сайланған Йозеф Блаттер өз еркімен қызметтен кеткен болатын. Футбол төңірегіндегі дау-дамай, жемқорлық пен өсек-аяңдар 79 жастағы маманды алаңдатса керек.
16 желтоқсанға дейін Йозеп Блаттер жұмысын жалғастыра береді. Қазіргі таңда бұл қызметке басты үміткерлердің қатарына Иордания елінің ханзадасы Әли Әль-Хусейн, УЕФА президенті Мишель Платини, Францияның бұрынғы ойыншысы Давид Жинола, ФИФА-ның вице-президенті Чон Монджун мен бразилиялық Зико еніп отыр. Олар әлі сайлауға қатысатынын растаған жоқ.