Жапонияның "Саган Тосу" клубының шабуылшысы Фернандо Торрес футболдағы мансабын аяқтады.
Бұл туралы футболшы твиттер әлеуметтік желісінде мәлімдеді. "18 жылдан соң футболдағы мансабымды аяқтайтын уақыт келді", – деп жазды ол. 23 маусым күні "Саган Тосу" клубында жанкүйерлермен қоштасу рәсімі болып өтеді. 35 жастағы ойыншы осыған дейін "Атлетико", "Ливерпуль", "Челси" және "Милан" сынды топ-клубтарда доп тепкен.
I have something very important to announce. After 18 exciting years, the time has come to put an end to my football career. Next Sunday, the 23rd at 10:00AM, local time in Japan, I will have a press conference in Tokyo to explain all the details.See you there. pic.twitter.com/WrKnvRTUIu — Fernando Torres (@Torres) June 21, 2019
Айта кетейік, Фернандо Торрес 2018 жылы жазда "Саган Тосу" клубына ауысып, жалпы 7 рет алаңға шыққан. Бірақ бірде бір рет сұрмергендігімен көзге түсе алмаған. Испаниялық ойыншы ұлттық құрамамен бірге екі рет Еуропа чемпионатын (2008, 2012 ж.ж), бір рет әлем чемпионатының (2010 ж) жеңімпазы атанған. Сонымен бірге, ол Чемпиондар лигасын (2011/12 ж) және Еуропа лигасын (2012/13, 2017/18 ж.ж) ұтқан.