Жеңіл салмақта UFC чемпионы болған америкалық Тони Фергюсон осы лиганың қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізуге келісім берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
БӨЛІСУ
Кездесу 2020 жылы 18 сәуірде Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center аренасында өтеді.
Осыған дейін, ресейлік файтер келісімшартқа қол қойғаны айтылды, ол кезде UFC америкалықтың келісімін күтіп отырған болатын.
Қос спортшының жекпе-жегін ұйымдастыру – осымен бесінші рет. Бұрындары әр түрлі себептермен жекпе-жектер болмаған.