Федерер мықтылығын танытып кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Федерер мықтылығын танытып кетті

«Дэвис Кубогы» жолындағы жартылай финалға берілер жолдаманы сарапқа салған Швейцария мен Қазақстан арасындағы үш күнге созылған корттағы кездесу де аяқталды. Шешуші кездесуде Андрей Голубевті жеңген Роджер Федерер ұлттық құрамасын келесі кезеңге алып шықты.

БӨЛІСУ

Андрей Голубев алғашқы сетте жақсы өнер көрсетті. Әлемнің үздік теннисшісімен терезесі тең ойнады. Дегенмен тәжірибелі қарсылас тай-брейкте мықтылығын танытып кетті. Екінші сетті де тәуір бастаған жерлесіміз бұл сынды соңына дейін жоғарғы деңгейде аяқтай алмады. 6:2 нәтижесімен қарсылас пайдасына шешілді. Үшінші сетті де Роджер Федерер жеңіспен аяқтады. Қорытындысында 3:0 есебімен АТР рейтингінің төртінші орнында тұрған теннисші жеңісін мойындатты.

Жалпы бұл кездесуде Қазақстан құрамасы ешқандай ұпайға ие бола алмайды деп күтілген болатын. Алайда жерлестеріміз азулы қарсыласпен санаса алатын деңгейде күшінің барын дәлелдеп берді. Екі күн қатарынан әлем күтпеген нәтижелер сыйлаған Андрей Голубев, Александр Недовесов және Михаил Кукушкиннің келесі жарыстағы кездесулеріне сәттілік тілейміз!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru