Фалькао «Монакода» ойнағысы келмейді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Фалькао «Монакода» ойнағысы келмейді

Колумбиялық футболшы «Монако» клубы басшылығынан алдағы қыс ауысымында өзге клубқа ауысуын өтінуде. Ал француздық команда да өз талабын қойып отыр.

БӨЛІСУ

Радамель Фалкао өзге клубқа ауысу үшін, «Монако» футболшыны 80 миллион фунт стерлингтен кем бағаламайтынын жеткізіп отыр. Егер аталған мөлшердегі қаржыны ұсынған клубқа Дмитрий Рыболовлев футболшыны жіберуге дайын екенін хабарлады. Ал осыған дейін «ақсүйектер» қожайыны тағы да бір ресейлік Роман Абрамович Фалькаоны командасында көруге қызығушылық танытып келген еді. Дегенмен аталған мөлшердегі қаржыны «Челси» Фалькао үшін ұсынуы екіталай.

Шабуылшының командадан кетуіне басты себеп – тапқан жылдық жалақысы француздардың салық мөлшерінің жоғары болуы салдарынан тиімсіз екен. Ол 14 миллион жылдық жалақысының тең жартысын жаңа заңға орай салыққа төлейтін көрінеді. Сонымен қатар, жанкүйері толы болатын Ла-Лигада ойнаған футболшы, француз жанкүйерлерін азсына да қарайтындай.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Радамель Фалкао осы жазда мадридтік «Атлетико» сапынан «Монакоға» ауысып келген болатын. Ауысым құны – 60 миллион еуроны құраған еді. Команда сапында 16 кездесу өткізіп, 9 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: news.sportbox.ru