Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 63 келіге дейінгі салмақта Фаина Сиванбаева үшінші орын алды.
БӨЛІСУ
Фаина Сиванбаева қос жаттығу көрсеткіші бойынша 229 (104+125) келіні еңсерді. Отандасымыздан 11 келі артық көтерген қытайлық Жу Вен алтын медальды иеленсе, таиландтық Пимсири Сирикаев (233 келі) күміс медальды еншіледі.
Ерлер арасында жарыс жолына шыққан Александр Ким (69 келі) алтыншы орынмен шектелді.
Айта кетейік, осыған дейін 58 келі салмақта Әсем Садықова қола жүлдегер атанған болатын.
Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.