Евгений Королев кәсіпқой теннисшілердің Ассоциациясы түзген (АТР) рейтингісі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ол осындай нәтижеге Михаил Кукушкин бірден 52 сатыға төмендеп, 205-орынға түскеннен кейін қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Андрей Голубевке де жол беріп қойды. Ол 196-дан 202-орынға сырғыды. Ал Королев 191-орыннан көрінді.
Әлемдік рейтингтің көшбасшылық орындарында бір ғана өзгеріс орын алды. Екінші орындағы Энди Маррей өз орнын швейцариялық Роджер Федерерге босатып берді. Бірінші орынды серб Новак Джокович сақтап қалды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: prosportkz.kz