Кәріқұрлықтың бас футбол органы УЕФА Еуропа лигасының тарихындағы үздік командалардың рейтингін жасады.
УЕФА Кубогы 1971 жылдан бері өтіп келеді. 2009/10 жылғы маусымнан бері УЕФА Кубогының атауы Еуропа лигасы болып ауысты.
Тізімге 983 клуб енген. Оның ішінде 12-сі қазақстандық клуб. Еуропа лигасында 187 матч өткізіп, оның 93-нде жеңіске жеткен миланның "Интері" үздік клуб атанды. Екінші орынға "Спортинг" жайғасса, үштікті "Брюгге" түйіндеді.
УЕФА Еуропа лигасының тарихындағы үздік 11 клуб:
1. "Интер" (Италия)
2. "Спортинг" (Португалия)
3. "Брюгге" (Бельгия)
4. ПСВ (Нидерланд)
5. "Андерлехт" (Бельгия)
6. "Партизан" (Сербия)
7. "Аякс" (Нидерланд)
8-11. "Бордо" (Франция)
8-11. ФКСБ (Румыния)
8-11. ПАОК (Грекия)
8-11. "Рапид" Вена (Аустрия)
Қазақстандық командалардың ішінде ең жоғары көрсеткішке "Астана" ие болды. Елордалық ұжым Еуропа лигасына 6 мәрте қатысып, 46 матч өткізіп, 43 ұпай жинаған.
Еуропа лигасының тарихындағы үздік командалар рейтингіндегі қазақстандық клубтардың орны:
181. "Астана"
194. "Қайрат"
274. "Ақтөбе"
347. "Шахтер"
360. "Ертіс"
428. "Ордабасы"
432. "Тобыл"
750. "Оқжетпес"
829. "Алма-Ата"
834. "Жетісу"
871. "Атырау"
915. "Астана-1964"