Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен 32 команда белгілі болды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен 32 команда белгілі болды

Футболдан 2014/2015 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының топтық ойындары өз мәресіне жетіп, плей-офф кезеңіне өткен 32 клуб анықталды.

БӨЛІСУ

Еуропа лигасының 1/16 финалына өткен 32 команда екі себетке бөлінді. Бірінші себетке Еуропа лигасының топтық кезеңінде өз топтарында бірінші орынға ие болған 12 команда мен Чемпиондар лигасынан ойысқан клубтардың рейтингтік коэффициенттері жоғары төртеуі түсті. Ал, екінші себетке Еуропа лигасының топтық кезеңінде өз топтарында екінші орынға ие болған 12 команда және Чемпиондар лигасынан ойысқан клубтардың рейтингтік коэффициенттері төмендеу төртеуі орналастырылды.

Нақтырақ айта кетсек, 1-себеттегі командалар:

"Боруссия" (Менхенгладбах, Германия), "Брюгге" (Бельгия), "Бешикташ" (Түркия), "Зальцбург" (Австрия), "Динамо" (Мәскеу, Ресей), "Интер" (Италия), "Фейенорд" (Нидерланды), "Эвертон" (Англия), "Наполи" (Италия), "Динамо" (Киев, Украина), "Фиорентина" (Италия), "Легия" (Польша) және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған "Зенит" (Ресей), "Олимпиакос" (Грекия), "Спортинг" (Португалия), "Атлетик" (Испания).

2-себеттегі командалар:

"Вильярреал" (Испания), "Торино" (Италия), "Тоттенхэм" (Англия), "Селтик" (Шотландия), ПСВ (Нидерланды), "Днепр" (Украина), "Севилья" (Испания), "Вольфсбург" (Германия), "Янг Бойз" (Швейцария), "Ольборг" (Дания), "Генгам" (Франция), "Трабзонспор" (Түркия) және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған  "Андерлехт" (Бельгия), "Рома" (Италия), "Ливерпуль" (Англия), "Аякс" (Нидерланды).

Еуропа лигасының 1/16 финалы жеребесі 15 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында тартылады. Плей-офф кезеңінің ойындары 2015 жылдың 19 және 26 ақпан күндері өтеді.

Сурет: wallskd.com