Еуропа лигасының 1/8 финалында "Милан" мен "Арсенал" кездеседі

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа лигасының 1/8 финалында "Милан" мен "Арсенал" кездеседі
Фото ©️ uefa.com

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Жанкүйерлер асыға күтетін ойынның бірі "Милан" (Италия) мен "Арсенал" (Англия) арасында өтеді.

БӨЛІСУ

1/16 финалда "Астананы" жарыс жолынан шығарған Португалияның "Спортинг" клубына Чехияның "Виктория Пльзен" командасы қарсылас атанды.

Жеребе қорытындысы:

"Лацио" (Италия) – "Динамо Киев" (Украина)
"Лейпциг" (Германия) – "Зенит" (Ресей)
"Атлетико" (Испания) – "Локомотив" (Ресей)
ЦСКА (Ресей) – "Лион" (Франция)
"Марсель" (Франция) – "Атлетик Бильбао" (Испания)
"Спортинг" (Португалия) – "Виктория Пльзен" (Чехия)
"Боруссия Дортмунд" (Германия) – "Зальцбург" (Австрия)
"Милан" (Италия) – "Арсенал" (Англия)

1/8 финалдағы алғашқы ойындар 8 наурыз күні, қарымта ойындар 15 наурыз күні өтеді.